19 мам, 2021 сағат 16:35

Семейде ағаш кесумен айналысатын мекемеден өрт шықты


Биылғы жылдың 19 мамырында 13 сағат 27 минутта Терешков көшесі бойындағы ағаш тілу орны аумағындағы өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Семей қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдын ала деректер бойынша өртті жоюға жеке құрамнан 25 адам және 8 бірлік техника қатысты.

Қазіргі уақытта өрттің таралу қаупі, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрттің ауданы 250 шаршы метрді құрады, себебі анықталуда.

ШҚО ТЖД кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды: объектіде автоматты өрт дабылы және алғашқы өрт сөндіру құралдары болуы тиіс. Қызметкерлері өрт кезінде әрекет ету тәсілдерін ілуі керек. От жаққнда абай болу керек. 

Өрт шыққан жағдайда 101 және 112 нөмірлеріне хабарласу керек.