20 сәу, 2020 сағат 14:00

Саясаттанушы: Митинг туралы қазақстандық заң - посткеңестік кеңістіктегі ең либералды құжат болып шықты

Саясаттанушы Жанар Төлендинованың айтуынша, карантин мен оқшаулану режиміне қарамастан, Парламент өзінің заң шығарушылық қызметін тоқтатпайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

14 сәуірде Сенатқа «Қазақстан Республикасында бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасы ұсынылдыЖанар Төлендинова аталмыш заң жобасының қандай ерекшеліктері бар екенін айтып берді. 

«Біріншіден, көпшілік заң жобасын талқылауға және әзірлеуге өте белсенді қатысты. Құжат тұжырымдамасын дайындау кезеңінде бірнеше қалада, соның ішінде ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың қатысуымен бірнеше қоғамдық тыңдау өтті. Әсіресе, министрдің Алматы мен Қарағандыдағы азаматтық қоғам өкілдерімен кездесулері өте қызықты өтті. Заң жобасы сонымен қатар HAQ және Talda.kz интернет-алаңдарында, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың (ЕҚЫҰ, USAID, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссарының Кеңсесі) және Германия, Ұлыбритания, Нидерланды және АҚШ елшіліктеріөкілдерінің қатысуымен талқыланды. «Митингілер туралы» заң жобасына қоғамның қызығушылығы түсінікті. Бұл - Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі алаңында бастау алған және Президент Қ.К. Тоқаев тарапынан қолдау тапқан саяси реформалар топтамасындағы маңызды сәттердің бірі. Құжат «Халық үніне құлақ асатынмемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруға бағытталған», - дейді Жанар Төлендинова.

Сондай-ақ, заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобына қоғам қайраткерлері, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері – Ерлан Саиров, Марат Башимов, Мұрат Әбенов, Асылбек Қожахметов, Мұхтар Тайжан және басқалар кіргенін атап өткен жөн.

Азаматтық қоғамның заң жобасын жасау бойынша жұмыстарға осындай кең көлемде қатысуы барынша либералды және прогрессивті құжат дайындауға мүмкіндік берді. 

«Екіншіден , заң жобасы бойынша жұмыс карантин және оқшауланудың ерекше жағдайында жүргізілді. Сонымен бірге, жұмыс тобының құрамына кірген қоғам белсенділері мен сарапшылардың пікірі бойынша, онлайн-талқылаулар заң шығару жұмыстарына терең енуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Қазақстан тарихында алғаш рет цифрлық технологиялардың заңнамалық жұмыста кеңінен қолданылуы орын алған шығар. Болашақта бұл тәжірибені заң шығарушылық үрдісте қолданған жөн. Заң жобасының маңызы мен өзектілігі оны талқылау мен қабылдаудың карантиннен кейінгі кезеңге ауыстырылмағандығымен түсіндіреді, бұл жағдайда құжат не күзде, не 2021 жылы ғана қабылданатын еді. Бұл жағдайда азаматтық қоғам күзгі саяси маусымға 1995 жылғы, барынша ескірген митинг туралы заңмен келетін еді. Бірақ осы жылдың күзінде саяси күштер парламенттік сайлау науқанына дайындықты төмен деңгейде бастайды. «Митингілер туралы» заң саяси қоғамдық кеңістікті реттейтін құжаттардың ең маңыздысы ретінде жаңа жағдайға сәйкес келуі керек екендігі де анық», - деп атап өтті саясаттанушы.

Үшіншіден , митинг туралы қазақстандық заң посткеңестік кеңістіктегі ең либералды болып шықты. Ең айқын айырмашылық – митингтер мен бейбіт жиындарды ұйымдастыру (ескерту немесе рұқсат беру) қағидаттары және өтінімді беру мен қараудың соңғы мерзімі.

Сенатқа енгізілген «Қазақстан Республикасындағы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасында митингілерді ұйымдастырудың ескерту қағидаты белгіленді және хабарлама іс-шараны өткізуден 5 жұмыс күні бұрын ұсынылуы керек.

Спикердің айтуынша, Ресейде де ескерту қағидаты бар, алайда митингке қатысу туралы өтініш «көпшілікке арналған іс-шара өтетін күнге дейін 15-тен ерте емес және 10 күннен кешіктірілмей берілуі керек».

Қырғызстанда – ескерту қағидаты, өтініш беру мерзімі « күнтізбелік 12 күннен кешіктірілмейді».

Өзбекстанда «Азаматтардың митингілері, жиындары және демонстрациялары туралы» заңы алғаш рет әзірленіп, өткен жазда талқылауға шығарылды, оның нормалары митингілерді ұйымдастырудың рұқсат етілген қағидатын қарастырады, ал өтініш іс-шарадан 30 күн бұрын берілуі керек.

«Сонымен қатар, жоғарыда аталған елдердің ешқайсысының митинг туралы заңнамасында Қазақстан заңының 3-бабында бекітілген (бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу принциптері бөлімінде) «бейбіт жиындарды өткізу пайдасына презумпция» деген ұғым жоқ. Бейбіт жиындарды өткізу пайдасына презумпция – 2007 жылы ЕҚЫҰ ДИАҚБ-ның Сарапшылар кеңесі дайындаған «Бейбіт жиналыстар бостандығы туралы нұсқаулық» құжатта көрсетілген алты (олардың қатарындағы біріншісі) қағидаттың бірі. Бұл қағидатты бекіту бейбіт жиналыстар өткізу бостандығы құқығы адамның негізгі құқықтарының бірі болғандықтан, оны іске асыру мүмкіндігінше реттелместен қамтамасыз етілуі керек», - дейді Жанат Төлендинова. 

«Заңда тікелей тыйым салынбаған кез келген нәрсені рұқсат етілген деп санаған жөн, ал жиынға қатысқысы келетіндер оны өткізуге рұқсат алуы керек емес. Заңда жиындар бостандығы пайдасына презумпцияны анық және біржақты белгілену керек» делінген ЕҚЫҰ / ДИАҚБ құжатында.

Бұл қағидаттың митингілер туралы қазақстандық заңнамада бекітілгені оның прогрессивті сипаты туралы айтуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта елдің заң шығарушы органының жұмыс топтарында «Саяси партиялар туралы» және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңдарына түзетулер (партияны тіркеудің сандық шегін азайту және партиядағы әйелдер мен жастарға квоталар белгілеу бөлігінде), сондай-ақ «Парламенттік оппозиция туралы» заң жобалары талқыланып жатыр. 

Бұл заңнамалық құжаттар «Митингтер туралы» заңмен бірге Қазақстандағы қоғамдық-саяси кеңістікті қайта құруға, партиялар арасындағы бәсекелестікті арттыруға, сондай-ақ сайланған органдарға жан-жақты, теңгерімді сипат беруге мүмкіндік береді.