02 нау, 2022 сағат 12:06

Саясат Нұрбек Мәжілістің қай комитетіне кіргені белгілі болды


Мәжілістің жаңа депутаты Саясат Нұрбек Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Құрметті әріптестер, қатарымыз жаңа депутатпен толықты. "Нұр Отан" партиясының тізімі бойынша Саясат Нұрбек Мәжіліс депутаты болып тіркелген", - деді Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов.

Ол ант қабылдағаннан кейін Әлеуметтік-мәдени даму комитетіне кіруге ниет білдірді.

"Саясат Нұрбек - саясаттанушы, қоғам қайраткері, мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол, Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті, Ұлттық мемлекеттік саясат мектебінің директоры қызметтерін атқарған. Қолдау көрсетулеріңізді сұраймын", - деді комитет басшысы Жәмиля Нұрманбетова. 

Депутаттар Нұрбектің комитет құрамына кіруіне дауыс берді.