Фото: ашық дереккөз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Сауд пен Тақ мұрагері, Премьер-министрі Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Саудтан хат келіп түсті, деп хабарлайды Ult.kz.
Хаттарда Сауд Арабиясы басшылығы Таяу Шығыстағы күрделі ахуалға байланысты Қазақстан Президентінің қолдауы мен тілектестігін жоғары бағалап, ризашылықтарын білдірген.
Король мен Тақ мұрагері екі ел арасындағы бауырластық қарым-қатынастың тереңдігін атап өтіп, барлық бағыттағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екендерін жеткізген.
Сондай-ақ олар Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор денсаулық, ал Қазақстан халқына амандық пен бақ-береке тіледі.
