#
#
Сенбі 17/04/2021

«Сауатсыз емеспін»: Әдеп кеңесіне келген ақтөбелік шенеунік өз ісін түсіндірді

  • 05.03.2021
  • 0
  • 697

Ақтөбеде әдеп жөніндегі кеңес Әйтеке би аудандық білім бөлімінің басшысы Қаныш Жарымбетовке қатысты тәртіптік істі қарады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бүгін облыстық мемлекеттік қызмет істері жанындағы Әдеп кеңесі бірнеше мемлекеттік қызметкерлерге қатысты тәртіптік істі қарады. Әйтеке би аудандық білім бөлімінің басшысы Қаныш Жарымбетов ең бірінші болып жауап берді. 

«ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті Е.Мырзабаевтың арызы негізінде Әйтеке би аудандық білім бөлімінің басшысы Қаныш Жарымбетовке қатысты пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Арызды қарау барысында Қ.Жарымбетов Әйтеке би ауданының 22 мектебі пен 1 интернатына бейнебақылау камерасын қондыру кезінде 40 млн теңге жұмсалатынын, Мемлекеттік сатып алу конкурсы кезінде жеңімпаз ретінде тану және әрі қарай қамқоршылық таныту үшін 7 000 000 теңге талап еткені айтылды. Алайда қылмыстық іс 2021 жылдың 1-ақпаны күні қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. «Whatsapp» желісі арқылы хат алмасу жазбаларында Е.Жарымбетов: «Өткендегі бар деген дегенин керек», «Сен онда шешіп дайындап қой», «Мен өзім алмайм», «Адам жіберем», «Мен қолға алмайм. Госпын го», «Әңгіме болып кетеді.Бере алмасан сразу айт», «Қолыма тигенде хабар берем», «СМС ошир», «Маған телефонмен әңгіме айтпа»; Е.Мурзабаев: «Қашанға? Банктен шешу керек, канша?» «Озине бере салайын», «Ортаға ешкімді қоспай». «Менде дайын», «Қазір шешіп қоям» «Хаттағы жазылған хабарлама сол күйі берілді – ред.) деп жазып, кейін оны «Еркін күрес» спорт кешенінің алдына сағат 10:00-ге кездесуге шақырған», - деді облыстық мемлекеттік қызмет істері департаменті мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының бас маманы Ләззат Қонаева.

Әдеп кеңесі кезінде Әйтеке би аудандық білім бөлімінің басшысы Қаныш Жарымбетов өз кінәсін мойындамады.

«Мен – филологпын. Менің қате жазуым мүмкін емес. Ал маған көрсетілген, мен жазды деген хабарламада қате көп. Бұл бағыт бойынша қылмыстық іс тоқтатылды. Мен өз кінәмды мойындамаймын», - деді Қаныш Жарымбетов.

Әдеп кеңесі Әйтеке би аудандық білім бөлімінің басшысын жұмыстан шығару түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы шешім қабылдады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар