Ресейлік саясаттанушы Алексей Мухин "Комсомольская правда" радиосында Орталық Азиядағы қандай елге Ауғанстандағы биліктің ауысуымен қауіп төнетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Сарапшының сөзінше, Өзбекстан мен Тәжікстан тыныш өмір сүре береді, бірақ өзінің сол жердегі әскери инфрақұрылымын жедел күшейтіп жатқан "Ресейдің кепілдігімен".
"Түрікменстанға "қорқу" керек. Түрікменстанның әскері өте әлсіз, бірақ ресурстары өте көп. Әрине, белгілі бір кезеңде "Талибан" (Қазақстанда террористік ұйым саналады) үшін бұл стратегиялық маңызды болады", - деді Мухин.
