Нұр-Сұлтан қаласында жолды сапасыз салған мердігермен келісімшарт үзіліп, жасаған жұмысы қабылданбайды. Бұл туралы елорда басшысы Алтай Көлгінов мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қала тұрғындарының өмір сүру жайлылығын арттыру үшін жолдарды салып, жөндеу маңызды. Елордадағы климаттық жағдайға байланысты абаттандыру және жол жұмыстарын жүргізу маусымы қысқа. Жылыту маусымы 7 айға дейін созылады. Дегенмен қолайлы жағдай туындағаннан кейін қалада жолдарды жөндеу және аудандарды абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізу басталады», - деп жазды қала әкімі Instagram-да.
Мәлім етілгендей, биыл 115 көше салынып, жөнделеді.

Нұр-Сұлтанда былтыр 170-тен астам көше жөнделді. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 4 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.



