08 қар, 2017 сағат 18:05

Санкциялар жағдайындағы Ресейге қолдау білдіруіміз қажет - Назарбаев

Қостанайда шетелдік инвесторлармен кездескен Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ресейге салынған санкцияларға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Ертең өңірлік конференцияда Владимир Путинмен кездесемін. Ресейге қарсы ауыр санкциялар енгізілген қазіргі жағдайда, біз оларға қолдау білдіруіміз қажет», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы атап өткендей, бүгінде әлемде қалыптасып отырған ахуалға байланысты Қазақстанға инновациялық технологияларды дамытуға екпін беру қажет.

Еске салайық, бүгін жұмыс сапарымен Қостанайға келген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нысандарда болды. Атап айтқанда, Президент «Əуежай» шағынауданында мемлекеттік бағдарламамен салынып жатқан тұрғын үй құрылысымен танысты. Шағынауданда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 900 орындық жалпы білім беретін мектеп, сондай-ақ спорт және ойын-сауық кешенінің құрылысы бой көтеруде.  

Сондай-ақ Н.Назарбаев «СарыарқаАвтоПром» зауытына барды. Бүгін «СарыарқаАвтоПром» ЖШС ұсақтүйінді өндіріс бойынша жаңа технологиялық əдісті іске қосты. Əдіс «монокок» деп аталады. Президентке Peugeot, JAC, Iveco жəне басқа да электромобильдер көрсетілді. 

Шетелдік инвесторлармен, зауыт қызметкерлерімен өткен кездесуден кейін Елбасына Қостанай облысының инвестициялық əлеуеті таныстырылды.