26 ақп, 2020 сағат 17:05

Сан-Францискода коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жарияланды

Калифорнияның үлкен қалаларының бірі Сан-Францискода короновирустың таралуын алдын алу мақсатында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Қала мэрі Лондон Брид өз мәлімдемесінде "Сан-Францискода коронавирус жұқтырудың бірде-бір оқиғасы болмаса да, жағдай жылдам өзгеруде және біз сақтық шараларын күшейтуіміз керек" деп атап өтті.

АҚШ-та вирус жұқтырған 14 жағдайдың көпшілігі саяхатта болған адамдарда болған. Сондай-ақ, Ухань (Қытай) мен Токиодағы The Diamond Princess круиздік лайнерінен эвакуацияланған 39 америкалыққа коронавирус диагнозы қойылған.