12 мау, 2023 сағат 15:27

«Самұрық-Қазына» өрттен зардап шеккендерге 200 млн теңге бөлді

Фото: © instagram/minecology_kz

«Самұрық-Қазына» Абай облысында өрттен зардап шеккен жандарға көмек ретінде 200 млн теңге бөлді. Бұл туралы қор басшысы Нұрлан Жақыпов мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бүкіл Қазақстан орман өрті өршіп тұрған Абай облысындағы отандастарымыз үшін алаңдаулы. Мемлекет басшысы азаматтарға жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды. Біз ұлттық әл-ауқат қоры ретінде тасада қала алмаймыз.

«Самұрық-Қазына» компаниялар тобы эвакуацияланған елдімекендердің тұрғындары мен өртті сөндіруге тартылған мамандарға гуманитарлық көмек ретінде 200 млн теңге жіберу туралы шешім қабылдады», - деп жазды Жақыпов Twitter-дегі парақшасында.