Елімізде салалық журналистиканы дамытуға аса мән беріліп жатыр. Сонымен қатар БАҚ өкілдерінің кәсіби біліктілігін көтеру мәселесі де қолға алынды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Алдымен тілшілердің кәсіби біліктілігін көтеру керек. Бұл өте маңызды. БАҚ өкілдерін оқыту, біліктілігін көтеру бойынша министрліктің нақты жоспары бар. Сондай-ақ, елімізде салалық журналистиканы дамытуда үлкен жұмыс істеліп жатыр, саланы дамытуды қолға алдық. Кейбір тақырыптар толық ашылмай жатады, оның себебі тілші бөгде саланың қыр-сырын терең білмейді. Аталған олқылықты әсіресе пандемия кезінде байқадық. Сондықтан да тілшілердің кәсіби біліктілігін көтеру қажет-ақ. Осы жерде баспасөз қызметінің де рөлі зор. Біз бүгінде барлық мемлекеттік органдардың баспасөз қызметімен жұмыс жүргізіп жатырмыз», - деді Аида Балаева.
Министрдің айтуынша, БАҚ - ол халық пен билік арасындағы диалог.
