06 ақп, 2018 сағат 10:56

Сағынтаев: Тәркiленген өнiмдер қайта дүкен сөрелерiне түспеуi тиiс

Бүгiн ҚР премьер-министрi Бақытжан Сағынтаев тексеру кезiнде тәркiленген өнiмдер дүкен сөрелерiне қайта түсу мүмкiн екенін жоққа шығармады, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Айналымнан қауiптi өнiмдердi тәркiлеу саласында бiз дұрыс жұмыс атқарып жатқан жоқ сияқтымыз. Бұл жайлы қанша рет айтуға болады? Екi жыл бұрын осы мәселенi көтергенбiз. Акция өткiздiк, сонымен тоқтадық. Әрi қарай ештеңе бiлмеймiз. Мiне, өнiмдердi тәркiледiк, одан кейiн бұл өнiмдермен не болады? Жойыла ма? Немесе, артқы аула арқылы дүкен сөрелерiне қайта қойыла ма? Ешкiм қандай айыппұл, қандай шара қолданылып жатқанын бiлмейдi ғой. Барлығы сөз жүзiнде қалады. Мемлекеттiк бақылау нақты дәлелдесе, онда өнiмдердiң дүкен сөрелерiне қайта түспеуiне шара қабылдау керек», - дедi премьер-министр Үкiмет отырысында.

Отырыста Инвестициялар және даму министрi Жеңiс Қасымбек қазiргi таңда мемлекеттiк бақылау 78 техрегламенттiң 54-i бойынша жүргiзiлетiнiн айтты. Бұл 69 пайыз. Бүгiнгi күнi Денсаулық сақтау министрлiгi көбiнесе азық-түлiк өнiмдерiн тексередi, ал өнеркәсiп өнiмдерi бақылаудан тыс қалып қояды.