27 қыр, 2017 сағат 16:28

Сағынтаев РФ Үкіметінің басшылығымен ғарыш саласындағы ынтымақтастықты талқылады

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозинмен кездесті. Бұл туралы PrimeMinister.kz сайтында хабарланды.

Кездесу барысында ғарыш саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды, соның ішінде «Байқоңыр» кешені бойынша өтетін Қазақстан-Ресей Үкіметаралық комиссиясының алдағы отырысының күн тәртібі қаралды.

Айта кетейік, «Байқоңыр» кешені бойынша Қазақстан-Ресей Үкіметаралық комиссиясының 6-шы отырысы осы жылдың соңына дейін өткізіледі деп жоспарланған.