19 қаз, 2017 сағат 11:44

Сағынтаев қырғыз делегациясымен келіссөз қорытындысы бойынша мәлімдеме жасады (Видео)

Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев қырғыз делегациясымен жүргізілген келіссөздердің қорытындысы бойынша мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап.

ҚР үкіметінің басшысы бұл сапардың қырғыз тарапының бастамасымен өткен телефон арқылы әңгімелесудің қорытындысы бойынша болғанын айтты. 

"Қазір ғана Қырғызстанның вице-министрі Сапар Исаков бастаған ресми делегациясымен келіссөз аяқталды. Бұл 30 адамнан тұратын команда, осының арқасында экономикалық мәселелердің кең спектрі бойынша нақтылы әңгіме жүргізу мүмкін болды. Біріншіден, біз екіжақты экономикалық қатынастардың проблемалық мәселелерін талқыладық. Бұл елдеріміздің шекара, көлік, фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау салаларына қатысты", - деді Сағынтаев.

Оның айтуыша, ЕАЭО мен ДСҰ ережелері мен нормаларына сәйкес кеден және салық әкімшіліктендіруіне қатысты проблемалық мәселелер қарастырылған. 


"Мысалы, біздің кеден органдарымыз қырғыз импорттаушыларының Қытайдан Қазақстан территориясы арқылы транзитпен өтетін тауарларды жалған мәлімдеу деректерін анықтап жатыр. Осының кесірінен біз тікелей шығынға батып отырмыз. Қырғыз тарапы осы мәселелермен келісті. Премьер-министр Сапар Исаков Қырғызстанның өз міндеттерін орындауына байланысты проблемаларды конструктивті жолмен шешуге, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігіндегі экономикалық мүдделерді сақтауға кепіл болды", - деді ҚР премьер-министрі.

"Екіншіден. Келіссөз қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қырғызстанның премьер-министрлерінің бірінші орынбасарларының төрағалығымен жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Жұмыс тобы бес жұмыс күні ішінде біріккен "Жол картасын" жасауы қажет", - деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.


"Жол картасын" қабылдағаннан кейін тараптар қол жеткізген келісімдерді толықтай орындауға міндетті болады. "Сондай-ақ, біз 19 қазанның 00.00-інен бастап елдеріміздің арасында мемлекеттік шекарадан өтудің тәртібі болады, әсіресе Қордайда мына категорияларға: жеке жүгі бар жеке тұлғаларға; жолаушылар тасымалдаумен тұрақты  түрде айналысатын автокөлік құралдарына, жеңіл көліктерге; бос жүк көліктеріне", - деді ол.

Айта кетейік, кеше Астанаға кешке таман Қырғызстан песпубликасының премьер-министрі Сапар Исаков бастаған үлкен өкілдік делегация келді. Қырғызстан делегациясының құрамында бірінші вице-премьер-министр Т. Абдығұлов, сыртқы істер министрі Э. Абдылдаев, қаржы министрі А. Қасымәлиев, экономика министрі А. Новиков, мемлекеттік кеден қызметінің төрағасы А. Сулайманов, мемлекеттік салық қызметінің төрағасы О. Абдыкаимов, экономикалық қылмыстармен күрес жөніндегі мемлекеттік қызмет төрағасы З. Осмонов, мемлекеттік көші-қон қызметінің төрағасы М. Айдаралиев, мемлекеттік шекара қызметі төрағасының орынбасары К. Исаков және т. б. бар.


Қазақстан Республикасының Қырғызстан республикасымен сауда айналымы 2017 жылдың қаңтар-шілде аралығында 399,2 миллион долларды құраған, сондай-ақ, өткен жылдың осы кезеңімен (311,6 миллион доллар) салыстырғанда 28,1 пайызға (87,6 миллион долларға) ұлғайған.

Қазақстанның Қырғызстан республикасымен 2017 жылдың қаңтар-шілде аралығындағы сауда теңгерімі оң көрсеткішке ие болып, 127,6 миллион долларды құраған. Бұл өткен жылмен (101,2 миллион доллар) салыстырғанда 26 пайызға өскен.