05 мам, 2021 сағат 19:40

Сағынтаев қалалықтарды денсаулықтарын сақтауға шақырды


«Алматы» теларанасындағы тікелей эфир барысында Бақытжан Сағынтаев мерекелік демалыс күндері қарсаңында қалалықтарды сақтанып жүруге және жақындарына қауіп төндірмеуге шақырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оның айтуынша, бүгінде инфекциялық стационарлардың жалпы 6 060 төсек орын, қазір онда 3 475 адам бар, оның ішінде 95-і бала. Амбулаториялық бақылауға 4 830 адам алынған, оның ішінде симптомды әрі жағдайлары жеңіл және орташа жеңіл науқастар - 4 240, симптомсыз - 590. 

«Алматыда пандемия басталғалы бері КВИ-дің 57 171 жағдайы тіркелді, халықтың 100 мыңына шаққандағы көрсеткіш - 2 809,8. Оның ішінде 2021 жылдың басынан бері 4 мамырға дейін 38 650 жағдай тіркелді. Мәселен, қаңтарда - 3 607, ақпанда - 2 945, наурызда - 9 525, сәуірде - 20 563 жағдай. Тәуліктік өсімнің сәл төмендегені (1,4-тен 1,1-ден 1,1-ге дейін) байқалады, соңғы 7 күнде 247,5-тен 243,2-ге дейін, репродуктивтік санның сақталуы- 1,0»,- дейді Алматы әкімі. 

Симптомсыз сырқаттардың жеке үлесі төмендеуде және симптомды науқастардың үлесі артуда: қаңтар 73%, ақпан 70%, наурыз 78%%, сәуір 86%, 4 мамырда 88,8%; мутацияланған КВИ штамдарынан туындаған. 

Бұрынғыдай, қала тұрғындарының 20-дан 70 жасқа дейінгі белсенді тобы негізгі жұқтырушылар, олар жалпы науқастардың 76%-ы. 

«Соңғы 14 күнде КВИ жұқтырған 9590 науқастың ішінде жұмыс істемейтіндер көп тіркелген - 34%, әр түрлі ЖШС, ЖК, АҚ - 23,6%, зейнеткерлер - 17,6%, мектеп оқушылары - 6,8% және мектеп жасына дейінгі балалар арасында 4,7%. Халықтың санамаланған санаттарының жалпы үлесі 87%. Халықтың қалған санаттарының арасында 0,1-ден 2% -ке дейінгі жағдай тіркелді, олардың барлығы 13%»,-деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев. 

Сауалнама қортындысы бойынша жұқтырудың ықтимал ошақтары базарларда 10,7% деңгейде, сауда нысандарында 28,1% деңгейде тұрақтанды. Қоғамдық тамақтану орындарында жұқтыру деңгейі 5% күйінде қалуда.