01 қар, 2017 сағат 16:50

Сағынтаев Иордания Королі ІІ Абдалла бен Хусейнмен кездесті

Бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Иордания Королі ІІ Абдалла бен Хусейнмен кездесу өткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" .

Кездесу барысында екі елдің сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын кеңейту мәселелері талқыланды. Ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы, жаңартылатын энергия саласындағы, сондай-ақ, қорғаныс өнеркәсібі мен логистика мәселесіндегі өзара іс-қимылға ерекше көңіл бөлінді.