Ішкі нарықты бензин және көмірмен қамтамасыз ету Мемлекет басшысының жіті бақылауында. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Ішкі нарықты мұнай өнімдерімен және көмірмен қамтамасыз ету мәселесін Мемлекет басшысы өзінің жіті бақылауында ұстап отыр. Кеше Президент Қанат Алдабергенұлын (ҚР Энергетика министрі Бозымбаев) Ақордада қабылдаған кезде де жауапкершілікті ескертіп, бізге тапшылыққа жол бермеу жөнінде тиісті шараларды қабылдауға тапсырма берді. Осыған байланысты Қанат Алдабергенұлы, көмір және мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесіне қатысты жұмысты әкімдіктермен бірігіп жүргізіңіз», - деді Бақытжан Сағынтаев.
Сондай-ақ, премьер-министр монополияға қарсы ұйымдарға еліміздегі жанармай құю бекеттеріндегі бағаның бір қалыпты болуын бақылап жүруді тапсырды.
"Келесі аптада тағы да осы мәселені қайта көтереміз", - деді Сағынтаев.