06 қаз, 2017 сағат 10:22

Сағынтаев Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңестің отырысына қатысты

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі сараптама кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" primeminister.kz порталына сілтеме жасап. 

Отырыс барысында Yellow Pages Rule қағидаларын іске асыру тетіктерін жетілдіру мәселелері, корпоративтік басқаруды жақсарту шаралары мен негізгі құралдарды жаңартуды ынталандыруға, өндірістерді жаңғыртуға, сондай-ақ, төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін енгізуге бағытталған шаралар жүйесі талқыланды.

Анықтама:

2015 жылдың көктемінде Yellow Pages Rule қағидаларын бекітетін заң қабылданды. «Сары беттер ережесі» - бизнесті мемлекеттік органдардың бәсекелестікті шектейтін іс-қимылдарынан тиімді қорғауға арналған. Сонымен қатар, егер бәсекелестікті шектеу тұрғысынан болған жағдайда, мемлекеттің қатысуымен бизнес құруға тыйым салатын норма тіркелген.