26 қаз, 2020 сағат 14:24

Садыр Жапаров қызметінен кетіп, сайлауға қатысады

Президенттің міндетін атқарушы, премьер-министр Садыр Жапаров президент сайлауына қатысады. Бұл туралы Жапаров Кочкор ауданына жұмыс сапары барысында хабарлады, деп жазады Кабар агенттігі.

Өзінің айтуынша, ол желтоқсан айының басында президент сайлауына қатысу мақсатында мемлекет басшысының міндетін атқарушы лауазымынан кетеді. 

«Мен басқалармен бірге сайлауға қатысамын. Егер халық мені таңдаса, Президент боламын, ал егер сайлауда жеңіске жетпесем, қатардағы азамат болып қала беремін», — деді Садыр Жапаров. 

Қырғызстан Президентін сайлау 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленген.