Қырғызстанда елдің Премьер-Министрі қызметі таратылады. Бұл туралы өзінің Telegram арнасында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жазды, деп хабарлайды Кабар агенттігі.
Ол сондай-ақ бір-бірінің қызметін қайталайтын министрліктердің таратылатынын хабарлады.
Мемлекет басшысы бұл оқиғаға дейін кем дегенде 6 ай бар екенін, ал бұған дейін үкіметтің жұмыс істейтінін жазды.
«Осы уақытта жаңа Конституция мен жаңа заңдар қабылданады. Жаңа Конституцияны қабылдау аясында жаңа реформалар, өзгерістер болады, тек заң негізінде тексерілген жаңа кәсіби кадрлар ғана келеді», - деді ол.
Өз сөзінде Садыр Жапаров аталған міндеттерді іске асыруға уақыт қажет екенін қосып өтті.