Қырғыз Республикасы президентінің міндетін атқарушы Садыр Жапаров «Россия 24»-ке берген сұхбатында президенттік сайлауға қандай жағдайда қатыса алатынын айтты. Бұл туралы Кабар агенттігі хабарлады.
Елдің қазіргі заңына сәйкес, мемлекет басшысының міндетін атқарушы тұлға сайлауға қатыса алмайды.
«Қазіргі уақытта парламентте парламент және президент сайлауына қатысты заңнамаға өзгерістер дайындалып жатыр. Егер осы өзгеріс нәтижесінде маған сайлауға қатысуға рұқсат етілсе, мен қатысамын. Бірақ әзірге ол туралы айтуға ерте. Бұл сұраққа қатысты шешім қабылданған жоқ», - деді Жапаров.