18 қаң, 2018 сағат 23:03

Роман Скляр жаңа қызметке тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ҚР Инвестициялар және даму Бірінші вице-министрі болып Роман Васильевич Скляр тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. 

Роман Скляр Павлодар монтаж техникумын, Павлодар мемлекеттік университетін, Мәскеу қазіргі заман бизнес институтын, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген.

Роман Скляр әр жылдары Павлодар қаласы мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы, аппарат басшысы, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары, Астана қаласындағы энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры, Павлодар облысы әкімнің орынбасары, бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы көлік және коммуникациялар вице-министрі, "Қазақстан Темір жолы" ҰҚ" АҚ вице-президенті қызметтерін атқарған.

2016 жылдың желтоқсан айынан бастап бүгінгі күнге дейін ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі қызметін атқарды.