Рим Папасы Франциск Нұр-Сұлтанға келді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
ITA Airways әуекомпаниясының AZ4000 рейсі елорда әуежайына сағат 17.18-де қонды.
"Қазақстанға мемлекеттік сапармен келе жатқан Рим Папасы Францисктің әуе борты елорда әуежайына қонды. Қадірлі қонақты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алады", - делінген Ақорда баспасөз қызметі хабарламасында.