Фото: instagram.com/kukabeisek
"Ирина Кайратовна" тобы бейнебаяндарының бұрынғы бас режиссері Қуаныш Бейсеков "Қазақфильм" президенті Азамат Сатыбалдының кеңесшісі болды, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Tengrinews.kzке сілтеме жасап.
Бұл туралы Азамат Сатыбалды Instagram-парақшасында хабарлады.
"Белгілі продюсер және режиссер Қуаныш Бейсек "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Қуаныш, ҚФ-нің творчествалық даму бағытын қадағалап сол бағытқа жауап беретін болады. Қуаныш студиямыздың дамуына өз үлесін қосады деген үлкен сенімім бар", - деп жазды ол.