Еуразиялық экономикалық одақ аясында бірлескен технологиялық және ғылыми жобалар құруға батыл қадам жасауымыз қажет. Бұл туралы «Еуразиялық интеграция - Н.Назарбаевтың тарихи бастамасы» тақырыбындағы онлайн режимде өткен телекөпір барысында М.Ломоносов атындағы ММУ профессор, экономика ғылымдарынң докторы Кайсын Хубиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Еуразиялық экономикалық одақ Кеден одағы негізгінде құрылды. Енді келесі қадамды экономикалық нақты секторларының саласында, сонымен қатар оның ғылымын қолдайтын және негіздейтін салаларында жасау қажет. Меніңше, біздің бұл бағытта бірге қорымыз да жеткілікті. Мына мәселеге назар аудартсам деймін. Ресейлік венчурлық қор мен Ресейлік-қазақстандық нанотехнологиялар қоры бар. Осы екі қор энергия жинақтау жүйесін дайындағаны үшін америкалық әзірлеушілерге 11,5 млн доллар төлейді. Алайда, елдерімізді электр энергиясы аккумулятор жасап шығаратын ғылыми-техникалық әлеует қалайша жоқ? Америкалық әзірлеушілерге жүгінгенше өзіміз неге жасамасқа», - деді ол.
Ғалым ЕАЭО-ға қатысушы әрбір елде цифрлық технологияларды дамытудың ұлттық бағдарламасы бар екендігін назар аудартты.
«Осы орайда да күш-жігерімізді біріктіріп, оны цифрлық технологияларды, оның ішінде білім саласындағы да технологияларды дамытуға жұмсауға болар еді. Біз экономиканың шынайы секторларын көтеру үшін бірлескен технологиялық және ғылыми жобаларды құруға батыл қадам жасауға тиіспіз», - деді Кайсын Хубиев.
Еуразия ұлттық университеті мен М.Ломоносов атындағы ММУ-дің Қазақстандағы филиалы бірлесіп ұйымдастырған телекөпір барысында еуразиялық интеграцияның тұжырымдамалық мәселелері, одақ мемлекеттерінің білімі мен экономикалық өсімі арасындағы өзара байланыс, ғылым мен заманауи инновациялық технологияларды дамыту, еуразиялық экономика және мәдени ынтымақтастық векторлары талқыланды.