24 мау, 2020 сағат 14:00

Ресейге 60 мың электронды темекі тұтатқышын апара жатқан азамат ұсталды

Ұлттық Қауіпсіздік комитеті облыстық департаментінің қызметкерлері Ресей Федерациясына электронды темекі тұтатқышын заңсыз өткізбек болған көлік жүргізушісін қолға түсірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оқиға 23 маусым күні ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комиттеті Қостанай облысы бойынша департаментіне қарасты «Қайрақ» шекара бөлімінде болған. Шекара қызметкерлері тексеру шаралары кезінде Ресейге темекі тұтатқыштарын алып өтпек болған азаматты ұстады. 

«ҚР азаматы Ресей Федерациясына 60500 дана «HEETS» электрондық темекі тұтатқыштарын жүк көлігіне салып өткізбек болған. Келген шығын сомасы – 27 млн 250 мың теңге. Темекі тұтатқышын халық қолданатын тауарлардың арасына жасырған» делінген департаменттің баспасөз хабарламасында. 

Қазір темекі тұтатқыштар тәркіленіп, Қостанай облысының кірістер департаментіне жіберілді. 

Осы дерек бойынша процессуалдық шешім қабылданады.