Әнші-композитор, Ресейдің халық әртісі Александр Градский 72 жасында бақилық болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
26 қараша, жұмада Градский жақындарынан жуынатын бөлмеге жетуге көмектесуін өтінген. Осы сәтте музыканттың жағдайы нашарлап, талып қалып, бір сағат есін жия алмаған.
27 қарашада Александр Борисович инсульт алды деген күдікпен Мәскеу ауруханаларының біріне жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылғаны хабарланды.
Бұған дейін ол екі рет ауруханаға жатудан бас тартқан, кейде оған жедел-жәрдем бір күнде бірнеше рет келген.
Соңғы кездері әншінің қан қысымы төмендеп, аяғы ауырып жүрген. Соған қарамастан Градский "Голос" тележобасына қатысуды жалғастырған және оны студияға арнайы көлікпен әкеліп жүрген.
Градский қыркүйек айында коронавирус инфекциясын жұқтырған.
Александр Борисович 1949 жылы 3 қарашада Челябі облысындағы Копейск қаласында дүниеге келген.
Ресейдің еңбек сіңірген әртісі (1997) және Ресейдің халық әртісі (1999). "Градский Холл" театрының көркемдік жетекшісі.
