Фото: instagram.com/bryansk_official
Ресейдің Брянск қаласындағы мектептердің бірінде атыс болды, қауіпсіздік күштері ғимаратты қоршауға алды.
BAZA Telegram-арнасының мәліметінше, 8-сынып оқушысы күтпеген жерден атыс шығарған.
Алдын ала дерек бойынша, 8 "А" сыныбында оқитын қыз биология сабағы өтіп жатқанда оқ жаудырған. Ол гимназияның төртінші қабатына көтеріліп, сыныпқа кіріп оқ атқан. Төрт баланы жаралап, кейін өзіне қол жұмсаған.
Ресейлік БАҚ мәліметінше, қыз әкесіне тиесілі мылтықты пайдаланған.
Mash Telegram-арнасының жазуынша, ол мектепте бастауыш сыныптан бері "қорлық көрген". Бүгінгі қайғылы оқиғаның бір себебі осы болуы мүмкін, себебі 8-сынып оқушысы ұл балаларға оқ жаудырған.
"Оқиға екінші сабақта, биология пәні кезінде болған. Алина қаруын алып, оқ жаудырған сәтте балалар партаның астына тығылмақ болған. Мұғалімдер қызды ақылға шақырғанмен, ол әрекеттерінен ештеңе шықпаған. Алинаны қосқанда, екі адам қаза болды, тағы төртеуі жарақат алды", - деп жазады Mash.
Назар аударыңыз, видеода балағат сөздер айытлған.