20 нау, 2020 сағат 09:34

Ресейде COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы екпе сынақтан өткізіліп жатыр

Ресейдің Тұтынушылар құқығын қорғау саласын қадағалау федеральдық қызметі (Роспотребнадзор) жаңа коронавирусқа қарсы екпені сынақтан өткізіп жатыр, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

«Ресейде COVID-19 эпидемиясын бақылау және алдын алу үшін Роспотребнадзор қысқа уақыт ішінде алты түрлі технологиялық платформаға негізделген вакцина прототипін жасап шығарды», - делінген ведомствоның хабарламасында. 

Ведомствоның мәліметінше, сарапшылар екпені кең пайдаланылатын тұмаудың рекомбинанттық вирус векторы негізінде жасаған. 

«Жаңа екпені жасап шығару кезінде заманауи биологияда in vivo жүйесінде – сезімтал зертханалық жануарларға зерттеу жүргізу қажет», - деп түсіндірді Роспотребнадзор.