23 ақп, 2023 сағат 15:44

Ресейде әскери ұшақ құлады

Фото: РФ Қорғаныс министрлігі

Ресейде Белгород облысының билігі әскери ұшақ құлағанын хабарлады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Қорғаныс министрлігінің ұшағы Валуйск ауданында апатқа ұшырады. Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы мен төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның себебі анықталып жатыр, жағдай бақылауға алынды", - деді өңір губернаторы Вячеслав Главков өзінің Telegram-каналында.

Қорғаныс министрлігі Су-25 шабуылдаушы ұшағы жауынгерлік тапсырманы орындағаннан кейін құлағанын мәлімдеді. 

"Ресей Аэроғарыш күштерінің Су-25 ұшағы жауынгерлік тапсырманы орындағаннан кейін Белгород облысының базалық аэродромына қайтып келе жатқанда апатқа ұшырады. Ұшқыш қаза тапты", - деп хабарлады ведомство.

Олар "ұшақ адам жоқ ашық алаңға құлады, еш нәрсе зақымданбады" деп нақтылады.

Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа техникалық ақау себеп болған.