Ресейдің Иркутск қаласы түбінде Ан-2 ұшағы құлады. Оның бортында жеті адам болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақтың құлаған жері анықталды. Ол – аэродромға жақын орналасқан Пивовариха елді мекенінің маңы. Ұшақ қонар кезде екінші рет айналып, радарлардан жоғалып кеткен», - деп баяндады агенттік дереккөзі. Иркустск ауданы АҚ және ТЖ қызметінің директоры Олег Федотовтың ТАСС агенттігіне хабарлауынша, әуе кемесі орманға құлаған.
ТЖМ нақтылаған мәліметінше, оның бортында сегіз емес, жеті адам болды. ТАСС дереккөзі олардың экипаж мүшелері болғанын қоса айта кетті.
Шұғыл қызметтерден ұшақтың отқа оранғаны, оның қасындағы шөп өртеніп, өрттің әлі сөндірілмегенін хабарланды. Жалын 300 шаршы метр аумақты шарпыған.
«Нақтыланған мәліметтерге сәйкес, ұшақтың 10 шаршы метр ауданы, 300 шаршы метрге төгілген отын өртеніп жатыр. Оқиға орнында 46 адам мен 17 техника жұмыс істеуде. Ресей ТЖМ арнайы күш-құралдарын көбейтіп отыр», - деді ведомстводан.
Ұшақтың бортында болғандардың барлығы қаза тапты.
Борт Беларусьтің «Гродно» әуе компаниясының иелігінде. Тасымалдаушы басшылығы зардап шеккен Ан-12 ұшағына қатысты ақпаратты тексеріп отырғанын мәлімдеді.
Ұшақ жүк тасымалдаған еді.
«Әуе кемесі Чукот АА-да халықтық тұтынуға арналған азық-түліктерді тасымалдап, әуежайға қайтып ұшып келе жатты», - деп қосып өтті Росавиациядан.
Ведомстводан атап өткендей, Иркутскке қонар алдында, ұшақ экипажы екінші айналымға өту қажеттілігі туралы жеткізді.
