Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі 60 жастан асқан адамдарға «Спутник V» вакцинасын салуға рұқсат берді. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.
«Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа өзгеріс енгізуді мақұлдады. Енді «Спутник V» вакцинасын 18 жаста және одан асқан тұлғаларға да қолдануға рұқсат берілді. Осылайша 60 жастан асқан азаматтар да жаңа коронавирус инфекциясына қарсы вакцинадан өте алады», - деді министр Ресейдің Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко.
Ол сондай-ақ, елдің барлық аймағында жаппай вакцинация жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Мурашконың айтуынша, жүргізілген сараптама 60 жастан асқан егде жастағы азаматтар үшін вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігін дәлелдеді.
Айта кетейік, 10 желтоқсанда Ресейде коронавирусқа қарсы вакцинация басталды. 14 желтоқсанда Мурашко жаппай вакцинация аясында препарат Ресейдің барлық өңіріне жеткізілгенін айтты.