Ресей Қорғаныс Министрлігі гипердауысты жылдамдықта жұмыс істейтін, қуатты зымыранды сынақтан өткізді. Бұл туралы Baq.kz CNN басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Ресей ауа-ғарыш күштері Миг-31 зымыранының экипажы әскери гипердауысты жылдамдықта жұмыс істейтін, қуатты зымыранды сынақтан өткізді. Зымыран техникалық талаптарға сай» делінген хабарламада.
Ресей Қорғаныс Министрлігі «қанжар» деп сипаттаған зымыранды шығарды. Видео кадрлары әскери тікұшақ пен зымыранды көрсету мақсатында жасалып отыр. Зымыранның кейбір бөліктері әдейі жасырылған.
«Жерде де, теңізде де іске қосыла беретін қару сыналып, мақсатты түрде белгіленген полигондағы нүктеге жетті. Ал ұшуы қалыпты жағдайда өтті. Ресей әскери қызметкерлері осы зымыранмен кез келген ауа райында, түнде де, күндіз де жұмыс істей алады, олар әбден шыныққан. Миг-31 ұшағы жаз мезгіліне сай болғандықтан, «қанжардың әлемде баламасы жоқ» деп министрлік ақпарат таратты.
18 наурызда Ресей Федерациясы президентінің сайлауы өткізіледі. Жыл сайынғы халыққа Жолдауында биыл Путин Ресейдің «жаңа, ядролық зымыранды ойлап тапқанын, оның мүмкіндігі шексіз екенін, жеңіліске ұшырамайтынын» атап өтті. «Ресей бұрынғыша әлемдегі ең үлкен ядролық базасы бар ел, бірақ бізді ешкім тыңдаған жоқ. Дәл қазір тыңдаңыздар» деді В.Путин.
Ал АҚШ Қорғаныс Министрі Джеймс Мэттис Путиннің бұл сөзіне қатысты өз ойын білдірді. «Мен Ресей әскери жүйесіне енген айтарлықтай өзгерісті байқаған жоқпын. Олар қаншама қаражатты қарулану мақсатында құрбан етіп жүр, өз-өздерімен жарысып әлек. Ресей халқы үшін жұмсалатын қаражат босқа кетуде. Мен үшін бұл зымыран ешқандай да өзгеріс емес» деді.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің хатшысы Хизер Науэрт болса, департамент шенеуніктерінің Путиннің жолдамасын тыңдағанын айтады. «Путин қаруды көрсету арқылы АҚШ-қа қарсы ядролық соққы жасайтынын білдірді. Бұл, әрине, бізге ұнамайды. Путиннің сөздерін жауапты халықаралық ойыншы ретінде бағалай алмаймыз» деді.
Ресей Қорғаныс Министрлігі жаңа Арсеналына ат қою үшін веб-парақшаны іске қосып, қоғамның белсенді болуын сұрауда.
13 нау, 2018 сағат 08:58