Бес сағатқа созылған Ресей-Украина келіссөздері аяқталды, Бұл хабарды ТАСС агенттігі жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Аяқталды», - деді ТАСС агенттінің дереккөзі. Кездесуге қатысушылар жиын қорытындысы бойынша БАҚ-қа пікір береді деп күтілуде.
Ресей делегациясын РФ президентінің көмекшісі Владимир Мединский бастап келді. Оның құрамында қорғаныс және сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары Александр Фомин мен Андрей Руденко, Мемлекеттік думаның Халықаралық істер жөніндегі комитетінің басшысы Леонид Слуцкий бар.
Украина тарапында елдің қорғаныс министрі Алексей Резников, Президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк, «Слуга народа» билеуші партиясы фракциясының басшысы Давид Арахамия, Донбастағы жағдайды реттеу бойынша байланыс тобының украин делегациясы басшысының бірінші орынбасары Андрей Костин, депутат Рүстем Умеров және сыртқы істер министрінің орынбасары Николай Точицкий бар.
Бұған дейін В. Мединский Ресей делегациясы Украина тарапымен келісімдерге қол жеткізу үшін қанша уақыт қажет болса, сонша келіссөз жүргізуге дайын екенін айтқан еді. Сондай-ақ, ол өткен түні кездесудің бірнеше рет ауысқанын, оның орнын қайта келісіп, нәтижесінде бастапқы нұсқа – Украина шекарасына жақын Гомель облысы қалдырылғанын айтты.