Ресей мемлекеттік думасы полиция өкілетін арттыратын "Полиция туралы" заңға енетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.
Заң жобасы қабылданса, ішкі істер министрлік қызметкерлері аты-жөнін таныстырмай-ақ адам ұстауға, жеке көліктерді ашып, тексеруге мүмкіндік алады. Көлік бүлінсе, полиция оған жауап бермейді. Бұған қоса, заң жобасы полицейлерге ұстау кезінде қауіп төнген жағдайда қару қолдануға құқық береді.
"Полиция туралы" заңға түзету енгізуді үкімет ұсынған. Заң жобасына қарсы құқық қорғаушылар түзетулер қабылданса, күштік құрылымдардың құқайы көбеюі мүмкін деп қауіптенеді.