2015 жылғы бес институционалдық реформа Қазақстанның қазіргі бағытының трендін айқындап берді.
Қазақстан сарапшылар клубының Facebook-тегі парақшасында өткен пікірталас алаңында «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2015 жылғы бес институционалдық реформа Қазақстанның қазіргі бағытының – айтарлықтай ашықтығын, есептілігін, ауқымды қоғамдық пікірталас трендін айқындап берді. Бұл блоктар әсіресе бесінші қадамда ашықтық және есеп беретін мемлекет бағытында айқын көрінген еді», - деді Рахым Ошақбаев осы бағытта жүргізілген зерттеулер қорытындысын жариялай отырып.
Сарапшы сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасына тоқталды.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымы Үкіметтің есеп беруіне басымдық беріп отыр. Тиісінше аталмыш құжат азаматтардың конструктивті сауалдарына жедел жауап береді. Бұл концепцияның қыры мен механизмдері бойынша әлі де жұмыс жүргізу керек», - деді ол.
Сарапшы сонымен қатар 2015 жылы әлеуметтік-саяси аспектіге ықпалын тигізген өзгерістерді атап өтті.
«2015 жылы жаһандық мегатрендтің, айқын бағыт таба алмауы мен орталықтануға қарсылық, өзгерістердің жылдам жүруі, билік институтына деген сенімсіздікті байқадық. Бұл біздің ойымызша кейінгі он жылдағы ақпараттық-коммуникациялық төңкерістің әсері. Интернет пен әлеуметтік желінің қолжетімділігі, әлеуметтік капиталдың өсімі – популизм мен билік институттарына деген дағдарысты өршіткені анық», - дейді сарапшы.