Фото: Instagram/Ерке Есмахан
Raim (Райымбек Бақтыгереев) мен Ерке Есмахан неке қидырды. Сүйінші хабарды әншілердің өзі бөлісті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Ерке Instagram-дағы сторисіне мешітте түскен фотоны жүктеп, неке қиғаны туралы жаңалықты өлеңмен жеткізген.
"Бақ тілеп біреу сүйінді, Ғайбаттап біреу күйінді, Адамды Алла қоспай ма, Кім ұқсын менің күйімді, Батыстан ұшқан аққу ем, Батыстан таптым үйімді, Ақ мешітінде Оралдың, Ақ некеміз қиылды, Көп көрмесе екен ағайын, Алладан алған сыйымды, Хадиша салған жолменен, Басыма бақыт бұйырды", - деп жазды ол.
Ал Raim Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы берген мұсылман неке куәлігін салған.
Сонымен бірге айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева да Ерке Есмахан мен Raim-ға бақыт тілеп, екеуінің бірге түскен фотосын жариялады.
"Ал ең алғашқы эксклюзив фото! Қасиетті жұма күні ақ некесі қиылған екі жасқа екі дүниенің бақытын тілейміз.... Жақсы адамдар жақсы тілегін айтады... Барлық әйел бақытты болуы керек! Ардақты Хадиша анамыз Пайғамбардан 15 жас үлкен болғанын білесіздер... Әрі бай, әрі сұлу, әрі ақылды анамыз туралы "Барлық жұрт менен теріс айналған, маған сенген жалғыз Хадиша болатын" деп сүйсініп, өмірінің соңына дейін аялаған екен... Әрбір жазылған тілек, әрбір сөз өзімізге қайтатынын ұмытпайық... Өз басым барлық адам бақытты болса деймін... Қателескен адам емес тәубаға келген адам сүйкімді мен үшін... Құлаған адам жерде жатып қалмай еңсесін көтеріп тұруға қақы бар шығар?! Ерке Есмаханның 80-нен асқан анасы барлық пікірді оқып отырады... Аналардың жүрегіне қаяу салмай-ақ тілегімізді арнап жіберейікші... Үбірлі шүбірлі болсын, әмин!, - деп жазды ол.