15 қаң, 2022 сағат 17:50

«QazaqGaz» және «ҚазТрансОйл» басшылары қызметінен босатылды


Бүгін энергетика саласындағы екі ірі компанияның басқарма төрағалары қызметінен босатылғаны белгілі болды. Ресми ақпар «Самұрық-Қазына» қорының сайтында жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар Кеңесінің 2022 жылдың 14 қаңтарындағы шешіміне сәйкес, К.К.Шарипбаевтың арызы негізінде, оның «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды.

«ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар Кеңесінің 2022 жылдың 14 қаңтарындағы шешіміне сәйкес, Д.Г. Досановтың арызы негізінде, оның «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы) ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды», делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін бұрынғы энергетика вице-министрі мен электрондық сауда алаңдарының басшылары және Маңғыстау облысындағы сұйытылған мұнай газының бағасын негізсіз көтеруге қатысы бар тұлғалардың ұсталғаны белгілі болды.