Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдері Сыртқы істер министрлері Кеңесінің отырысы қарсаңында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин бейнеконференция режимінде Ұйымға мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының басшыларымен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
РФ Президенті Ресей төрағалығы Шанхай ынтымақтастық ұйымы қарқынды бәсеңдетпей және тиімді жұмыс істеуі үшін қажеттінің барлығын жасауға тырысқанын атап өтті.
«ШЫҰ Еуразиялық аймақта бейбітшілік пен қауіпсіздікті, тұрақты дамуды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Тең құқылық және мүдделерді өзара есепке алу қағидаттарында әрекет ете отырып, біз әлемдік күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің шешімдерін бірлесіп іздеуге, БҰҰ және басқа да халықаралық форматтарды қоса тығыз сыртқы саяси үйлестіруді жүзеге асыруға ұмтыламыз», - деп келтіреді ҚР Сыртқы істер министрлігі В.Путиннің сөзін.
Сондай-ақ, ШЫҰ жаңа, өзекті сын-қатерлерге жедел ден қою қабілетін іс жүзінде көрсетіп отырғаны атап өтілді. ШЫҰ елдері коронавирустың таралуының саяси, сауда-экономикалық, әлеуметтік салдарын еңсеруге күш салуда.
РФ Басшысы алдағы отырыста қатысушыларға жемісті жұмыс тілеп, Мәскеу алаңында қабылданған шешімдер Шанхай ынтымақтастық ұйымының кең кеңістігінде әріптестік пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.