Ресей президенті Владимир Путин «Ресей халқы Ассамблеясы» бүкілресейлік қоғамдық-мемлекеттік ұйымын құру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
Құжат жұма күні Құқықтық ақпараттың ресми интернет-порталында жарияланды.
«Қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен «Ресей халқының Ассамблеясы» бүкілресейлік қоғамдық-мемлекеттік ұйымын құру орынды деп саналсын», - делінген Жарлықта.
Ұйым «мемлекеттік ұлттық саясатты жетілдіру, бүкілресейлік азаматтық бірегейлік пен ұлтаралық келісімді нығайтуға жәрдемдесу мақсатында» құрылды.
Ассамблеяның құрылтайшысы Ұлттар істері жөніндегі федералдық агенттік болып белгіленді. Ұйым қызметінің негізгі бағыттары Ресей Федерациясының 2025 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік ұлттық саясатының стратегиясын іске асыруға қатысу, Ресей халықтарының этномәдени және тілдік әртүрлілігін сақтау, байырғы аз халықтардың құқықтарын сақтауға жәрдемдесу, шетелде тұратын отандастарға қолдау көрсетуге қатысу және т. б. болады.