11 қаң, 2021 сағат 19:41

Путин, Пашинян мен Алиев Таулы Қарабақтағы инфрақұрылымдық жобаларды бірге дамытпақ

Путин, Пашинян мен Алиев Таулы Қарабақтағы инфрақұрылымдық жобаларды дамыту жөнінде келісімге қол қойды, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі.

Айта кетейік, Мәскеуде РФ Президенті Владимир Путин, Әзербайжан Президенті Ильхам Алиев пен Армения Премьер-Министрі Никола Пашинянның келіссөзі аяқталды. Үшжақты кездесу 4 сағатқа созылды. 

Осыған дейін Путиннің әзербайжандық және армян әріптесімен жеке-жеке екіжақты кездесу өткізетіні де хабарланған болатын. 

Үшжақты кездесу жабық есік жағдайында өтті. Тек Путин ғана кездесу басталар алдында көпшілік алдында сөз сөйледі. Ресей Президенті Әзербайжан және Армениямен тату көршілік қарым-қатынасты жақсы бағалайтынын, сондай-ақ Әзербайжан мен Армения тарапының Ресейдің Таулы Қарабақтағы атысты тоқтату жөніндегі «делдалдық» әрекетіне қолдау көрсеткеніне ризашылығын білдірді. 

Путин 2020 жылдың қарашасында жасалған келісімдер рет-ретімен жүзеге асырылып жатқанын және осы әрекеттің Тауыл Қарабақтағы шиеленісті Армения мен Әзербайжан халқының мүддесіне сай, әділ реттеуге ұзақмерзімді әрі толыққанды негіз қалайтынын атап өтті.