Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қос мемлекет басшысы әңгімелесу барысында екі жақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібінің мейлінше өзекті мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар екі ел басшылары алдағы кездесулер кестесін, соның ішінде биылғы 12 тамызда Ақтау қаласында өтетін Бесінші Каспий саммиті аясындағы кездесулер барысын қарастырды.
Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.