26 мам, 2021 сағат 14:00

Приозерскіде 4 жасар қыз бала темір дуалға басын тығып, қайта шығара алмай қалған


Приозерск қаласының аулаларының бірінде ойнап жүріп 2017 жылы туған қыз бала басын металл шарбақтарының арасына кіргізген.

Соның салдарынан бала не алға, не артқа шыға алмаған. Ересектер де қызға өз бетінше көмектесе алмағандықтан, құтқарушыларды шақырды. 

Гидравликалық құралды пайдалана отырып, Қарағанды облысы ТЖД №15 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушылары темір шарбақты кесіп, баланы құтқарып қалды. Қыз бала зардап шеккен жоқ және ата-анасына тапсырылды. 

«Ата-аналарға балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауға кеңес береміз. Балаларға қарапайым қауіпсіздік шараларын үнемі еске салып тұрыңыздар:

- қараңғы жерлерде ойнамандар; 

- қоқыстар мен иен далада ойнамандар;

- теміржолдың, автожолдың жанында ойнамандар; 

- қираған ғимараттарда ойнамандар;

- электр және газ құрылғыларын қосулы күйде қалдырмандар;

- отпен ойнауға болмайды; 

- бейтаныс жерлерде шомылуға және суға түсуге болмайды»,-делінген хабарламада.