Ширек ғасыр бұрын, 1996 жылы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ТРК ұжымы алғашқы күннен бастап Мемлекет басшысының қызметін, реформаларды іске асыру барысын, Президенттің бастамалары мен тапсырмаларын ауқымды ақпараттық сүйемелдеу бойынша қоғамдық-саяси контентті әзірлей бастады.
Мемлекет басшысының қызметіне қатысты ақпараттың жалғыз провайдері бола отырып, ТРК өз өнімінің желісін үнемі кеңейтіп отырады. Бұл – деректі, қысқаметражды фильмдер, бейнероликтер, сондай-ақ қоғамдық-саяси маңызы бар бағдарламалар.
25 жыл ішінде 800-ден астам деректі фильм дайындалды, олардың бірқатары республикалық және халықаралық сыйлық пен марапатқа ие болды. Әлеуметтік желілерде белсенділік Facebook, Instagram, YouTube, Telegram, Tik Tok үшін қажетті контент әзірленеді.
ТРК Тәуелсіздігіміздің даму тарихы жылнамасының – бірегей бейнемұрағатының құқығын иеленеді.
Телерадиокешеннің басшысы Раушан Қажыбаеваның айтуынша: «Ширек ғасырдан бері ТРК-нің басты ньюсмейкері Президент, саясат пен мемлекеттің идеологиясы болған және болып қала береді. ТРК жұмысының негізгі қағидаты – шынайылық, салмақтылық, миллиондаған аудитория үшін ақпараттың қолжетімді болуы маңызды болып қала береді».
Телерадиокешеннің ұжымы – режиссерлер, редакторлар, графикалық дизайнерлер, продюсерлер, әкімшілер, операторлар, монтажерлер, дыбыс режиссерлері, сценаристер, бейнемұрағат мамандары қазіргі заманғы деректі кинода қолданылатын жаңа идеялар мен тәсілдерді үнемі іздеуде.
ТРК Бас директоры «Біз одан әрі дамуға және жаңғыртуға, Қазақстанның қоғамдық-саяси документалистикасы сегментіндегі жетекші медиаресурс – Мемлекет басшысының алдымызға қойып отырған жаңа өр мақсаттарды шешуге дайынбыз. Бұл тұрғыда Телерадиокешен тарих жылнамашысы ғана емес, халық пен мемлекеттің мәдени мұрасының маңызды бөлігі болып табылады», – деп атап көрсетті.