#
#
Сейсенбі 22/09/2020

Президенттің Германияға жұмыс сапары: Бірнеше мемлекеттің басшыларымен кездесулер өтеді

  • 13.02.2020
  • 0
  • 329

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қаласына (Германия) жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап хабарлайды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 14-16 ақпан аралығында Қауіпсіздік жөніндегі 56-шы Мюнхен конференциясына қатысу үшін Мюнхен қаласына (Германия) жұмыс сапарымен барады. Сапар бағдарламасы бойынша Президент Мюнхен қауіпсіздік конференциясының панельдік пікірталасына қатысады және бірнеше мемлекеттің басшыларымен, халықаралық ұйымдардың, Германияның ірі компанияларының жетекшілерімен, сондай-ақ, академиялық топтардың өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарланған», - деп жазады Берік Уәли facebook парақшасында.

Аталған іс-шараға 40-қа жуық мемлекеттің басшылары, 100-ден астам сыртқы істер және қорғаныс министрлері, халықаралық қатынастар саласындағы беделді сарапшылар қатысады.

Қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясы – ең ірі жаһандық бейресми форумдардың бірі. Конференцияда қазіргі заманның көкейтесті сын-қатерлері мен қауіптері талқыланады.

Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысатындығын бұған дейін де хабарлаған болатынбыз.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар