17 қаң, 2022 сағат 18:30

Президенттің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі лауазымынан босатылды


Серік Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Серік Жүсіпұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Серік Сүлейменов бұл қызметке 2020 жылдың сәуірінде тағайындалған болатын.

Ол 1966 жылы дүниеге келген. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін "Математика" және "Заң" мамандықтары бойынша бітірген. Түрлі жылдары Президент Әкімшілігінде, Премьер-министрдің канцеляриясында қызмет еткен.