Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли 24 ақпан 20:30-да Qazaqstan Ұлттық телеарнасына Ресей мен Украинадағы жағдайға қатысты арнайы сұхбат береді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бүгін Ресей Президенті Владимир Путин Донбаста арнайы әскери операция бастағанын жариялады.
"Қазір екі ел арасында әскери іс-қимылдар жүріп жатыр. Осы мәселеде Қазақстанның ұстанымы қандай екенін, сондай-ақ қаңтар оқиғасына қатысты сауалдарға жауап береді", - делінген хабарламада.