09 қаң, 2022 сағат 22:02

Президенттің баспасөз хатшысы: 11 қаңтарда ауыс-түйіс болатыны сөзсіз


11 қаңтарда ауыс-түйіс болатыны сөзсіз. ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент оның анонсын өзі жасады, білесіздер. 11-і күнін күтейік. Президенттің алдына түсіп, шешімдерін айтуға менің құқығым жоқ», - деген Мемлекет басышсының хатшысы бұл күні ауыс-түйіс болатынын растады.

«Президент Үкіметті отставкаға жібергенін білесіздер. Барлық министрлер қазір міндетін атқарушы. Қайтадан тағайындалады. Сол кезде кімді қалдыратынын, кімді ауыстыратынын Президент өзі біледі. Үкімет қайтадан жасақталады. Ауыс-түйіс болатыны сөзсіз айқын, рас. Қазір біздің халық ауыс-түйіс күтеді. Бірақ қазіргі таңдағы басты мақсат – тұрақтылықты қамтамасыз ету, азаматтарымызды тұрмысын бұрынғы қалыпты жағдайына оралту. Сол бағытта қазір құқық қорғау органдары жанталаса жұмыс істеп жатыр», - деді Берік Уәли.