22 қаң, 2020 сағат 08:30

Президенттік кадр резерві: 3 адам Экология министрлігінде лауазымды қызметке тағайындалды

Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі қызметкерлерінің қатарына Президенттік резерв өкілдері келіп қосылды, – деп хабарлады Минстрліктің telegram каналында.

Мəселен, Экологиялық реттеу жəне бақылау комитеті Нұр-Сұлтан қаласы Экология департаменті басшысы қызметіне Дəурен Ғанибекұлы Қазантаев тағайындалды.

Ол 2005 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін экономист-халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірген. Бұрын Қазақстанның Энергетика министрлігі басшысының кеңесшісі болған. Қазақстанның Экология министрлігі Климаттық саясат жəне жасыл технологиялар департаменті директоры орынбасары болып Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті гуманитарлық ғылымдар магистрі Зүлфия Болатқызы Сүлейменова келді.

З.Болатқызы Ұлттық саяси зерттеулер институтының (Жапония) Phd дəрежесін алмақ. Бұрын ол БҰҰ Азия жəне Тынық мұхиты, Бангкок (Тайланд) елдеріне арналған Экономикалық жəне Əлеуметтік Комисия Қоршаған орта жəне даму департаментінің экологиялық мəселелері жөніндегі консультанты болған. Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі Əкімшілік жұмыс департаментінің директоры болып Акзан Рашидович Ширанов тағайындалды.

Ол 2005 жылы Н. Э. Бауман атындағы Мəскеу мемлекеттік техникалық университетін бітірген. Тағайындалуға дейін Қазақстанның Энергетика министрінің көмекшісі қызметін атқарған. Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Президенттік кадрлық резерв құрамына ену зор құрмет пен жауапкершілік екенін атап өтті.

«Біз сіздерді Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігінде қарсы алғанымызға қуаныштымыз. Сіздердің біліктіліктеріңізге сенеміз»,-деді М. Мырзағалиев.