Мемлекет басшысы ҚР Президенті жанынан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. "Ұлт ақпарат" Жарлықтың толық мәтінін жариялайды.
***
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 20) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі бір айлық мерзімде:
1) саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар көшбасшыларымен, азаматтық сектор өкілдерімен Кеңесті қалыптастыру және оның жұмыс тәртібі мәселелері бойынша консультациялар өткізсін;
2) өткізілген консультациялар қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Кеңестің құрамы мен Кеңес туралы ережені енгізсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 12 маусым
№ 3